weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Борат қайтадан шу шығарды

Британдық актер Саша Барон Коэн әйгілі Борат кейіпкерінің бейнесіне қайта еніп, өзінің жаңа фильмін ерекше тәсілмен жарнамалады. Ол түсірген сатиралық видеода Борат фильмге наразылық білдіріп, оны кинотеатрларда көрсетпеуге шақырады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Борат қайтадан шу шығарды
Фото: Видео үзіндіден

Жарнамалық роликте Борат Қазақстан тұрғындары жаңа фильмді көрсе, қатты ашуланатынын айтып, туындыны тіпті екі кинотеатрда да көрсетпеу керектігін мәлімдейді. Алайда бұл видеоның өзі Коэннің жаңа жобасына назар аударту үшін түсірілген.

Актер осылайша өзінің тағы бір танымал кейіпкері — Али Джи туралы «Ali G: Who Iz I?» фильмін жарнамалаған.

Али Джи — өзін танымал рэпер санайтын, спорттық киім киіп, өзін тым жоғары бағалайтын британдық жігіттің сатиралық бейнесі. Ол сұхбаттасушыларына орынсыз әрі күлкілі сұрақтар қойып, қоғамдағы түрлі құбылыстарды әжуалайды.

Кейіпкер туралы алғашқы толықметражды фильм — «Ali G Indahouse» 2002 жылы жарық көрген. Ал жаңа фильмнің премьерасы 23 қазанға жоспарланған.

Дегенмен туынды жарыққа шықпай жатып, нәсілдік стереотиптерді насихаттайды деген сынға ұшырады. Кейбір көрермендер фильмді кинотеатрларда көрсетпеуді талап еткен. Бұған жауап ретінде Саша Барон Коэн Бораттың бейнесінде видео түсіріп, фильмге бойкот жариялауға шақырған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер