лттық статистика бюросының мәліметінше, байланыс қызметтері нарығында ең үлкен үлес мобильді байланыс пен интернетке тиесілі. Мобильді байланыс нарықтың 38%-ын, ал интернет қызметтері 36,7%-ын құраған. Тағы 15,5%-ы өзге телекоммуникациялық қызметтерге тиесілі.
Статистикаға сәйкес, қыркүйек айында Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны шамамен 28 миллионға жеткен. Оның ішінде 23,85 миллионға жуық абонент мобильді интернетті пайдаланған.
Ал тіркелген интернет абоненттерінің саны 3,62 миллионды құрады.
Осылайша, мобильді байланыс пен интернет қызметтері Қазақстандағы байланыс нарығының басым бөлігін қамтып отыр.