Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қорғаныс министрі болып тағайындалған Айдос Мырзахметовке елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және әскери басқару жүйесін жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігіне ерекше тоқталып, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін сөзсіз басымдық болуы керектігін айтты.
Сонымен қатар Президент кәсіби даярлық сапасын көтеру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңарту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу міндеттерін жүктеді.
Қосымша ретінде әскердегі тәрбиелік жұмысты күшейтіп, әскери қызметшілердің жауапкершілігін, тәртібін және Отанға адалдығын қалыптастыруға мән беру қажет екені атап өтілді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне айрықша назар аударды.