Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мемлекеттік институттарды ауқымды жаңарту жүріп жатқанын мәлімдеді.
Бұл туралы ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты. Президенттің айтуынша, Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды, жуырда Құрылтайға сайлау өтті, вице-президент тағайындалды, жаңартылған Үкімет жұмысқа кірісті және Қауіпсіздік кеңесі аппараты жасақталды.
«Осылайша, негізгі мемлекеттік институттар толық жаңартылады. Бұл шаралар іске асырып жатқан кешенді реформаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жақын уақытта Қазақстан Халық кеңесінің құрамы бекітіледі. Сонымен бірге, Құрылтай депутаттарымен келісім бойынша Конституциялық соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді белгілейтінін де айтты.