weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 01:02 / Жасмина Нурлан / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Футзалдағы берешек мәселесі бойынша келісім жасалды

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн комментаторлармен және Sport Innovation өкілдерімен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқылады.

Футзалдағы берешек мәселесі бойынша келісім жасалды
Фото: ашық дереккөз

Талқылау барысында мәселе Қазақстан футзал қауымдастығы мен Sport Innovation арасындағы шарттық қатынастарға байланысты екені түсіндірілді. Қазақстан футбол федерациясы бұл жағдайды шешу үшін тараптармен байланыс орнатып, келіссөздердің нәтижелі өтуіне және мәселенің жедел реттелуіне жәрдемдесіп келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан футзал қауымдастығы мен Sport Innovation компаниясы даулы мәселелерді шешуге бағытталған рамалық келісімнің негізгі шарттары бойынша ортақ мәмілеге келген. Келісімнің басты мақсаты – процеске қатысқан барлық тараптың алдындағы қаржылық міндеттемелерді толық өтеу.

Тараптар қаражатты алдымен қосалқы мердігерлерге аударуға келісті. Олар өз кезегінде комментаторларға тиесілі төлемдерді жүзеге асырады.

Алғашқы траншты осы аптаның ішінде аудару көзделген. Бұдан кейін Sport Innovation компаниясы жинақталған берешекті өтеу процесін бастайды.

Скотт Манн кездесуде комментаторларға қалыптасқан жағдай мен оны шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат берді. Қатысушылар түсіндірмелерді түсіністікпен қабылдады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер