Матчтың 14-минутында Фарер аралдарының шабуылшысы Аки Самуэльсен есеп ашты.
Қазақстан құрамасы көп күттірмей жауап берді. 26-минутта Темірлан Ерланов қарсылас қақпасына гол соғып, есепті теңестірді.
Қалған уақытта қос команда да есепті өзгерте алмады. Осылайша Қазақстан мен Фарер аралдары бір-бір ұпайдан бөлісті.
Қазақстан құрамасының сапында Кенжебек пен Қуат сары қағаз алды.
Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі. Матч 29 қыркүйекте Кошицеде өтеді.
Фарер аралдары – Қазақстан – 1:1
Голдар: Самуэльсен, 14 – Ерланов, 26.