weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 15:28 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

4300 метр биіктіктегі мұздықта адам мәйіті табылды

  Алматы маңындағы тауларда Беларусьтен келген туристер адам сүйегін тапты. Қалдықтар Солтүстік Севереев мұздығында, теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте жатқан. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

4300 метр биіктіктегі мұздықта адам мәйіті табылды
Фото: Ашық деректер көзі

 Оқиға туралы туристер екі апталық тау маршруты аяқталғаннан кейін хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт бұл жерде кемінде былтырдан бері жатқан болуы мүмкін.

 Туристердің айтуынша, оқиға орнына жақын жерде басқа топ та болған. Олар қаза тапқан адамның рюкзагынан құжаттарды алып, құтқарушыларға тапсырған.

 Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына «Қазавиаспас» тікұшағы жіберілді. Оның құрамында «Барыс» құтқару жасағының мамандары мен медицина қызметкерлері бар. Мамандардың міндеті – адам қалдықтарын таудан қауіпсіз жерге түсіру. Құтқару жұмыстарына биіктіктің жоғары болуы, тік беткейлер мен таулы аймақтың қолжетімсіздігі кедергі келтіруде.

 Мәйіт төменге жеткізілгеннен кейін Алматы облысының полициясына тапсырылады. Қаза болған адамның жеке басы мен өлімінің нақты себептерін тергеу анықтайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→