Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қызылқоға ауданында тіркелген.
– Атырау облысының аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті анықталды. Қазіргі таңда тағы екі адамның қайда жүргенін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстары жалғасуда. Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз, – деді Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.
Іздестіру шаралары тек Атырау облысымен шектелмей, республика көлемінде жүргізілуде. Бұған дейін полиция жоғалған төрт адамның ұялы телефон нөмірлері Шымкент қаласында тіркелгенін хабарлаған.
Сондай-ақ полиция департаменті бұл төрт адамнан бөлек, аталған үйдің қызы мен күйеу баласының алдымен Өзбекстанға, кейін басқа мемлекетке кеткенін анықтағанын мәлімдеді.
Ал отбасының жұмбақ жағдайда жоғалғаны туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.