Мерке ауданында 19 жастағы Өзбекстан азаматының өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция істі суицидке жеткізу фактісі бойынша тергеп жатыр.
Марқұмның сегіз айлық сәбиі қалған. Құрбысының сөзінше, жас келіншек күйеуі тарапынан бұған дейін де күш көрген. Ол қыздың денесіндегі көгерген іздерді көргенін және жарақаттарының суреттері болғанын айтты.
Қайғылы оқиғаға дейін жас келіншек құрбысына күйеуімен болған кезекті жанжал туралы жазған. Оның айтуынша, күйеуі балаға алып келген «Барни» тәттісінің бірін өзі жеп қойғанына ашуланған. Осыдан кейін жанжал туып, күйеуі оған қол көтерген.
Қыз кейін заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасуды жоспарлағанын құрбысына хабарлаған. Алайда көп ұзамай оның қайтыс болғаны белгілі болды.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күйеуінің қылмысқа қатысы мен кінәсі тергеу нәтижесі және сот шешімімен анықталады.