Оқиға болған күні Сәпиев өзінің мемлекеттік қызметкер екенін, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтайтынын және арандатуға ермейтінін мәлімдеген.
25 қаңтарда Олимпиада чемпионы қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, жаңа мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, болған жағдай тұрмыстық немесе жеке жанжал емес.
«Бұл – өңірде бейресми ықпалы бар жекелеген тұлғалардың қарсылығы. Менің хабарымсыз облыстағы спорт ұйымдары басшыларын заңсыз ротациялау әрекеті жасалды. Бұл іске менің орынбасарым да араласқан. Мен оның заңсыз әрекетін бейбіт жолмен тоқтаттым, соның салдары осы оқиғаға алып келді. Мұндай арандатулар қазақстандық спортта жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы ұстанымымды әлсірете алмайды. Бұл реформалар туралы Мемлекет басшысы да бірнеше рет айтқан», – деп жазды Серік Сәпиев.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі басқармада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті тарапынан тексеру жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ спорт басқармасының қызметіне кешенді аудит жасалады.