weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Армения парламентіндегі отырыс жаппай төбелеспен аяқталды

Армения парламентінде билік пен оппозиция өкілдері арасында жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласты. Депутаттар бір-бірін итеріп, тепкілеп, су құйылған бөтелкелерді лақтырған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Армения парламентіндегі отырыс жаппай төбелеспен аяқталды
Фото: Видео үзіндіден

Жанжалға биліктегі «Азаматтық келісім» партиясының депутаты Тарон Чахоянның сөзі себеп болған. Ол оппозициялық депутат Нарек Карапетянға оның немере ағасы Саргистің қаңтар айында подкастта айтқан сөздерін еске салған.

Сол кезде Саргис Карапетян өз партиясы билікке келген жағдайда елде «жыныстық тұрғыдан қанағаттанбаған әйелдер қалмайтынын» мәлімдеген.

Туысына қатысты бұл сөздерді естіген Нарек Карапетян депутатпен сөзге келіп, пікірталас тез арада төбелеске ұласқан.

Оқиға кезінде парламент депутаттары бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, су бөтелкелерін лақтырған. Парламент спикері Рубен Рубинян тікелей эфирді тоқтатудан бас тартып, халық парламентте не болып жатқанын көруі керек екенін айтқан.

Оқиға орнына күзет қызметкерлері біраз уақыттан кейін шақырылды. Осыдан соң парламент отырысы тоқтатылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер