Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдағы президенттік сайлауға қатысуды жоспарламағанын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы журналист Әли Тоқтакуновқа берген сұхбатында мәлімдеді.
Жапаровтың айтуынша, ол бастапқыда президенттік сайлауда Қамшыбек Тәшиевті қолдауды көздеген. Тіпті Тәшиевке келесі сайлауға дайындалуды өзі ұсынған. Алайда кейін жағдай өзгерген. Президент Тәшиевтің айналасындағы адамдардың әрекетіне көңілі толмағанын айтып, оны қызметінен босатқан.
Жапаровтың мәлімдемесінен кейін Тәшиевтің алдағы саяси жоспарлары мен президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы да назарға ілікті.