weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қамыстыбасқа туристер ағылып жатыр: Аралда ірі жоба жүзеге асуда

Қызылорда облысының Арал ауданында жүзеге асырылып жатқан 
«Арал геопарк» жобасы өңірдің халықаралық экотуризм бағытындағы әлеуетін арттыруға бағытталған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қамыстыбасқа туристер ағылып жатыр: Аралда ірі жоба жүзеге асуда

Жоба аясында Арал теңізінің құрғаған табаны мен Қамыстыбас көлін халықаралық экотуризм нысандарының тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы уақытта Қамыстыбас көліне Қазақстанның түрлі өңірлерімен қатар, шетелден келетін туристердің саны артып келеді. Мөлдір әрі минералды суымен танымал көл жазғы демалыс маусымында саяхатшылардың сұранысына ие орындардың біріне айналған. Келушілерге жергілікті кәсіпкерлер жағажай қызметтері мен белсенді демалыс түрлерін ұсынып, қолайлы туристік инфрақұрылым қалыптастыруда.

Арал ауданының әкімдігі туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында инвесторлар тартуды және Қамыстыбас көліне қолжетімділікті арттыру үшін әуежай салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жобалар өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристер ағынын көбейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Арал геопарк» жобасы халықаралық ұйымдардың назарын аударуда. Жуық арада ЮНЕСКО сарапшылары өңірге арнайы келіп, табиғи және геологиялық мұра нысандарын халықаралық экотуризм тізіміне енгізу мәселесін зерделейді.
Жобаның табысты іске асуы Арал өңірінің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықаралық деңгейде өңірдің беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→