Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты.
Олжас Бектенов жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтып, оның Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік институттарды жаңғырту, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысып, оны қолдады. Өңірде Ата Заңның басымдықтарын түсіндіру және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.