weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық ақ халаттылар Ауғанстаннан елге оралды

Қазақстандық көпсалалы медициналық топ Ауғанстандағы гуманитарлық медициналық миссия аясындағы жұмысын аяқтап, елге оралуда,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандық ақ халаттылар Ауғанстаннан елге оралды

Миссия барысында отандық мамандар жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, консультациялар өткізіп, күрделі хирургиялық операциялар жүргізді. Сонымен қатар қазақстандық дәрігерлер ауған әріптестерімен тәжірибе алмасып, бірлескен тексерулер мен консилиумдарға қатысты.

Миссия құрамына травматология және ортопедия, кардиология, педиатрия, хирургия, урология, пульмонология және эпидемиология салаларының жетекші мамандары кірді. Медициналық топ ауыр жарақат салдары мен тірек-қимыл аппаратының туа біткен деформациялары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлді.

Жұмыс барысында қазақстандық мамандар ондаған пациентке консультациялық көмек көрсетіп, реконструктивті-қалпына келтіру операцияларын жүргізді. Бұл өз кезегінде пациенттердің қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан медицинасы күндері аясында ауған тарабына күрделі сынықтар мен аяқ-қол деформацияларын емдеуге арналған Илизаров аппаратының жиынтықтары табысталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→