weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жанармай нарығындағы жағдай: мұнай арзандап, бензин қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында мұнайдың орташа бағасы бір тоннасына 99,7 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеген,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жанармай нарығындағы жағдай: мұнай арзандап, бензин қымбаттады

Шикізат құнының ең айқын төмендеуі Ақтөбе және Атырау облыстарында тіркелді.

Соған қарамастан, мұнай өңдеу кәсіпорындары жанармайдың көтерме бағасын көтерген. Бір жыл ішінде бензиннің бір тоннасы 15,6%-ға қымбаттап, орташа есеппен 197,3 мың теңгеге жетті. Ал жазғы дизель отынының құны 11,3%-ға өсіп, тоннасына 257,9 мың теңгені құрады.

Бағаның өсуі басқа да мұнай өнімдеріне әсер етті. Мәселен, сұйытылған мұнай газы 18%-ға, ал тұрмыстық пеш отыны шамамен 15%-ға қымбаттаған.

Жол битумы ғана ерекшелік көрсетіп, оның бағасы бір жыл ішінде 7,5%-ға төмендеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→