weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«АИ-92» бағасы өспейді, бірақ… әр бекет өз бетінше шешеді

16 қазаннан бастап Үкімет АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz.

«АИ-92» бағасы өспейді, бірақ… әр бекет өз бетінше шешеді
Фото: dzen.ru

Бірақ бір ерекшелік бар — ел бойынша бірыңғай шекті баға белгіленбейді. Әр жанармай бекеті бағаны 16 қазандағы деңгейде өз бетінше ұстап тұрады.

«Бұл тәсіл бәсекелестікті сақтауға мүмкіндік береді және әр оператор арасындағы баға айырмашылығын түсіндіреді», – деді министрлік өкілдері.

Министрлік мәліметінше, ірі желілердегі баға қазір мынандай:

  • АИ-92 – литріне 213–239 теңге аралығында;
  • Дизель – литріне 317–337 теңге аралығында.

Энергетика министрлігі елдегі отын қоры тұрақты жеткілікті екенін айтты:

  • АИ-92 – 341 мың тонна,
  • Дизель – 405 мың тонна.

Қазір екі мұнай өңдеу зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ал Атырау МӨЗ 25 қазаннан бастап жоспарлы жөндеуден кейін кезең-кезеңімен іске қосылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→