Болжам бойынша, Аляска, Колорадо, Гавайи, Кентукки, Мичиган, Миннесота, Миссури, Монтана, Небраска, Нью-Мексико, Огайо, Орегон, Оңтүстік Дакота, Вашингтон, Батыс Вирджиния және Вайоминг штаттарында бензин бағасы 2022 жылғы көрсеткіштен асып, тарихи максимумға жетуі мүмкін.
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуы аясында АҚШ-та жанармай бағасы ел тарихындағы ең жоғары деңгейге көтерілуі ықтимал. Өйткені Ормуз бұғазы әлі де жабық күйінде қалып отыр. Сондай-ақ АҚШ-тың қатаң әрекеттеріне байланысты бұл стратегиялық су жолындағы жағдайдың жақын уақытта соғысқа дейінгі қалыпқа келуі екіталай екені айтылуда.