Финалдық белдесуде Нұрмұхамет Ботабай АҚШ өкілі Ари Берлинерді жеңіп, турнир чемпионы атанды.
European Open жарысына әлемнің бірнеше елінен мықты дзюдошылар қатысты. Қазақстан құрамасы үшін бұл турнирдегі ең маңызды жетістіктердің бірі болды.
Сондай-ақ, қазақстандық тағы үш спортшы жүлдеге бір қадам жетпей, өз салмақ дәрежелерінде бесінші орынға тұрақтады.