Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

Олимпиада чемпионы Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі
Фото: Telegram/ Туризм және спорт министрлігі

Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.