Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 мамыр, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия бір ұпай еншілеп, артынша қарсыласын «иппонмен» жеңді

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Grand Slam чемпионы атанды
Фото:el.kz

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Финалда жерлесіміз ресейлік Сабина Гилязовадан айласын асырды. Ғалия бір ұпай еншілеп, артынша қарсыласын «иппонмен» жеңді.

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтты.

Жерлесіміз жарыс үздігі ретінде әлемдік доданы екінші айналымнан бастады. Ол өз тобында Тунис, Тайпей, Түркия елдерінің спортшыларынан басым түсті.