Дзюдодан Париж Олимпиадасына баратын Қазақстан балуандары толығымен анықталды. Бүгін ел ішіндегі өзара іріктеуде 60 келіде Елдос Сметов жеңіске жетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
60 келіде күресетін үш балуан олимпиадалық рейтингке енген еді. Федерация үшеуін өзара күрестірді. Атап айтсақ, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин және Нұрқанат Серікбаев. Осылардың арасында Елдос Сметовтің бағы жанды. Сөйтіп, 31 жастағы спортшы өзінің үшінші Олимпиадасына қатыспақ.
Парижде бақ сынайтын қазақ дзюдошыларының толық құрамы мынандай:
• 60 келі: Елдос Сметов;
• 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
• 73 келі: Данияр Шамшаев;
• 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
• 100 келі: Шархан Нұрлыхан.
Әйелдер:
• 48 келі: Абиба Әбужақынова (Ғалия Тынбаева);
• 63 келі: Есмигүл Куюылова;
• +78 келі: Камила Берліқаш.
Осылайша, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта спортшы апара алмайды. Ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде жолдама жоқ.