weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда ең көп үйленетін қала белгілі болды

Қазақстанда қай қалада үйлену тойлары жиі өтетіні белгілі болды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда ең көп үйленетін қала белгілі болды

Некелер саны бойынша көш басында — Алматы қаласы. «КТК» телеарнасының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері мегаполисте 4600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сәйкес, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некеге тұрады. Орта есеппен әйелдер 29 жасында тұрмысқа шықса, ерлер 32 жасында үйленеді.

Биылғы ең егде жастағы күйеу жігіт — 92 жастағы зейнеткер, ал ең жас жұп небәрі 16 жасқа енді толған.

Алайда неке саны жоғары болғанымен, ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері 934 жұп ажырасқан. Орта есеппен ер адамдар 39 жасында, ал әйелдер 37 жасында ажырасуға шешім қабылдайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→