weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін робототехникадан әлем чемпионатында бақ сынауда

Қазақстандық оқушылардан құралған делегация Хьюстон қаласында өтіп жатқан робототехника және инженерия саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі — FIRST Championship чемпионатына қатысуда. Бұл туралы newsroom.kz  оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін робототехникадан әлем чемпионатында бақ сынауда
Фото: оқу-ағартв министрілігі

Биыл ел намысын Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан келген 225 оқушы қорғайды. Олар Астанада өткен Alem Tech Fest аясындағы Орталық Азия іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік додаға жолдама алған.

Өткен жылмен салыстырғанда делегация саны шамамен үш есеге артқан. Бұл елімізде робототехникаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

FIRST Championship аясында қатысушылар өз инженерлік жобаларын таныстырып, бірнеше кезеңнен тұратын матчтарда бақ сынайды және финалға шығу үшін күреседі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→