weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 09:06 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Ресейде жүрген 10-ға жуық қазақстандық соғысқа жіберілуі мүмкін

Ресейге жұмыс істеуге кеткен 19 жастағы қазақстандық азамат Украинадағы соғысқа жіберілуі мүмкін екенін айтып, туыстарынан көмек сұраған. Бұл туралы оның әпкесі Сымбат Еркінбек әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп  Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Ресейде жүрген 10-ға жуық қазақстандық соғысқа жіберілуі мүмкін
Фото: Әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, інісі Айнабек бұған дейін Қазақстанда Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеген. Кейін Ресейге күзетші болып жұмыс істеуге барған.

Алайда бірнеше күннен соң ол әпкесіне Луганск маңында екенін айтып, көмек сұраған.

«2-3 күнде алып кетпесеңіздер, соғысқа аттандыру басталып кетті», – деп жазғаны айтылды.

Сымбат Еркінбектің сөзінше, оның інісімен бірге тағы шамамен 10 қазақстандық бар. Олардың барлығы Ресейге күзетші болып жұмыс істеуге шақырылған. Алайда кейін оларға қысым көрсетіліп, құжаттарға қол қойғызылған және соғысқа жіберуге дайындалып жатқан болуы мүмкін.

Оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапына дипломатиялық нота жолдаған.

«Тиісті жұмыс жалғасып жатыр. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі таңда азаматтардың нақты қай жерде екені және олардың құқықтық мәртебесі туралы толық ақпарат жоқ.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер