weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте заңсыз көші-қон схемасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

Шымкентте шетел азаматтарын заңсыз кіргізіп, оларды тіркеуге көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Шымкентте заңсыз көші-қон схемасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді
Фото: жасанды интеллект

Шымкент қаласында құқық қорғау органдары тұрақты қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Тергеу мәліметінше, топ мүшелері ақшаға шетелдіктердің Қазақстан аумағына кіруін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде тіркеумен айналысқан.

Арнайы операция прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Барлығы 28 тінту шарасы өтіп, олардың барысында ондаған шетелдік паспорттар, электронды құрылғылар, ұялы телефондар, сондай-ақ жалған құжаттар мен фиктивті еңбек келісімшарттары тәркіленді.

Сонымен қатар, ірі көлемде қолма-қол ақша мен тіркелмеген қару табылғаны белгілі болды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, тағы 13 адам полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→