Ол Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасын әзірлеуге алғашқы күндерден бастап белсенді қатысқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының қызметін алғашқы күндерден бастап өте мұқият бақылап отырғаны баршаға аян. Ол Жұмыс тобының жетекшісін қабылдап, топ мүшелерімен кездесіп отырды, өз идеяларын айтып, бағыт-бағдар берді», – деді Айдос Сарым.
Мәжіліс депутатының айтуынша, жаңа Ата Заңды қабылдау қажеттігі ел азаматтарынан түскен ұсыныстардың орасан зор көлемін талдау нәтижесінде айқын болды.