Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу барысында Жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өз сөзінде Қуаныш Сүлейменов алдағы конституциялық реформалардың еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін және олардың заманауи, әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құруға бағытталғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің нақты мысалдары келтіріліп, олардың қоғамның дамуына, азаматтардың құқықтарын нығайтуға және мемлекеттің одан әрі өркендеуіне қалай ықпал ететіні түсіндірілді. Сондай-ақ ерекше назар Халық кеңесі құру бастамасына аударылды — бұл қоғамдық алаң азаматтардың пікірін ескеруге және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған.
Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлеріне алдағы референдумның маңыздылығы еске салынып, барша азаматтарды 15 наурыз күні өтетін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды. Әрбір азаматтың дауысы еліміздің болашағы үшін аса маңызды екені атап өтілді