Жаңа тағайындалған судьялар қатарында:
Сәкен Абдолла, Лейла Сұлтанқызы Жақаева, Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев, Айжан Ержанқызы Жатқанбаева, Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева, Қанат Сергейұлы Мусин, Бақыт Маратұлы Нұрмұханов, Сергей Васильевич Скрябин, Аслан Султанович Тукиев және Сергей Федорович Ударцев бар.
Конституцияға сәйкес, Конституциялық сот конституциялық бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік орган болып саналады. Сот құрамына төраға және он судья кіреді. Судьялардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.
Бұған дейін аталған тұлғалардың бірқатары Конституциялық соттың құрамында жұмыс істеген. Мәселен, Жақыпбаев, Жатқанбаева, Қыдырбаева, Мусин, Нұрмұханов және Ударцев 2026 жылғы Конституциялық соттың нормативтік қаулыларына қол қойған судьялар қатарында болған.