weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кәсіподақтар да қолдайды: Ақтөбеде реформаларға арналған кездесу өтті

Қалалық коалиция құрамында 
 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның кәсіподақ  ұйымының төрағасы Самат Сатов пен қалалық мәслихат депутаты Абай Сақтағанов Жаңажол мұнай кен орнында еңбек ұжымымен кездесуге қатысты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Кәсіподақтар да қолдайды: Ақтөбеде реформаларға арналған кездесу өтті

Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар алдағы өтетін саяси науқанның ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлі туралы айтылды.

Жиын барысында еңбек ұжымының мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, Конституциялық өзгерістердің қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны сөз болды.



Алдағы 15 наурыз күні өтетін референдум – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды саяси қадам. Сондықтан  елдің болашағы үшін маңызды бұл күні белсенділік танытып, референдумға келіп дауыс беру туралы айтылды.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→