weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оралда ауыл әкімін бопсалаған алаяқ сотталды

Орал қалалық соты жергілікті тұрғынды Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша кінәлі деп таныды. Ол әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдап, ауыл әкімін бопсалап, заңсыз табысын спорттық бәс тігуге жұмсаған.

Оралда ауыл әкімін бопсалаған алаяқ сотталды

Тергеу деректеріне сүйенсек, жәбірленушілердің бірі – су тасқынынан зардап шеккен саяжай иесі. Сотталушы оған баспана алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, 170 мың теңге алған, алайда ақшаны жеке қажетіне жаратқан.

Сондай-ақ жергілікті автордың кітабын шығарамыз деген желеумен тағы 580 мың теңге жинаған.

Алайда оның әрекеті ауылдық округ әкімін бопсалауға көшкен кезде әшкереленді. Күдікті шенеуніктен «үндемегені» үшін 500 мың теңге талап еткен. Әкім 200 мың теңге берген, ал қалған соманы алу кезінде ер адам ұсталды.

Тергеу мәліметінше, жымқырылған қаржының 830 мың теңгесі спорттық бәс тігуге жұмсалған. Заңсыз табыстың жалпы көлемі 1,2 млн теңгені құраған.

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, заңсыз табысы тәркіленді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→