weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оралда «Заң мен тәртіп» форумы өтті

Орал қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» құндылықтарын насихаттауға арналған спорттық-құқықтық форум ұйымдастырылды.

Оралда «Заң мен тәртіп» форумы өтті

Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай өткізіліп, заң үстемдігін, азаматтық жауапкершілікті және қоғам игілігіне қызмет ету қағидаттарын дәріптеуге бағытталды.

Форумға 400-ден астам мемлекеттік қызметші қатысып, жаңа Конституцияның негізгі құндылықтарын қолдайтындықтарын білдірді. Бағдарлама аясында Абай Құнанбайұлының адамгершілік пен адалдықты насихаттайтын өлеңдері оқылып, қатысушыларға арналған жаппай өндірістік гимнастика ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және командалық бірлікті арттыруға ықпал етеді.

Форум соңында қатысушылар заңға құрмет, жауапкершілік және адалдық қағидаттарын күнделікті қызметте ұстанудың маңызын атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→