weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Орал жастары «Чемпиондық рух» жобасына қатысты

Орал қаласындағы «Жастар» стадионында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Чемпиондық рух» жобасы өтті. Іс-шараға 300-ге жуық жас қатысты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Орал жастары «Чемпиондық рух» жобасына қатысты
Фото: Орал облыс әкімдігі

Жоба облыстық «Әділет» партиясы филиалының, «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Мақсат» жоғары медициналық колледжі студенттерінің қатысуымен және БҚО Полиция департаментінің қолдауымен өткізілді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп – Қазақстан үшін» және «Есірткіге жол жоқ» бастамалары аясында ұйымдастырылған.

Жастар полиция қызметімен танысты

Шара барысында жастар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен кинолог мамандардың жұмысымен танысты. Мамандар өз қызметі және есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткінің зияны мен оны заңсыз қолдану немесе тарату үшін жауапкершілік туралы түсінігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Спорттық сайыстар ұйымдастырылды

«Чемпиондық рух» жобасы аясында қатысушылар арасында спорттық жарыстар өтті. Қыздар планкадан, ал ұлдар қолды бүгіп-жазудан және кермеге тартылудан бақ сынады.

«Чемпиондық рух — бұл тек жеңіс емес. Бұл — күнделікті еңбек, тәртіп, жауапкершілік және өз мақсатыңа адал болу. Нағыз жеңіс адамның өз-өзін жеңуінен, қиындыққа мойымай, алға ұмтылуынан басталады», – деді «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бауржан Бектұрған.

Ұйымдастырушылар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, спортты күнделікті өмір салтына айналдыруға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар «Жайық жастары – есірткісіз қоғамды таңдаймыз!» деген ортақ ұран көтерді.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→