weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Мұндай өзгеріс сау мал етінде болмайды»: қазақстандық Baron Food өнімінен күмәнді етті көрсетті

Әлеуметтік желіде жартылай фабрикаттар желісінің өнімі қызу талқыға түсті. Компания тәуелсіз сараптама жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Мұндай өзгеріс сау мал етінде болмайды»: қазақстандық Baron Food өнімінен күмәнді етті көрсетті
Фото: choly_96/ treads.com

Threads желісінде қолданушылар Baron Food өнімінен табылған күмәнді түзілістердің суреттерін жариялады. Шикі еттің ішінде ақшыл, үрей туғызатын құрылымдар көрінетіні айтылған. Кейбіреулер дайын тағамнан да бөгде бөлшек шыққанын жазған. Пікірлерде паразиттер болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

Компания редакцияға жолдаған жауапта ресми түсініктемені тек заңгер бере алатынын, ал ол шетелде демалыста екенін хабарлады.

Baron Food өкілдерінің мәліметінше, сиыр еті ет комбинатынан ветеринарлық сертификатпен жеткізіледі. Әр партия міндетті бақылаудан өтеді, тасымалдау кезінде «суық тізбек» сақталады.

Алдын ала бағалауға сәйкес, мұндай түзілістер жануар ағзасының жеке реакциясынан — мысалы, вакцинациядан немесе соққыдан кейін пайда болуы мүмкін. Компания бұл өзгерістер жергілікті сипатта болатынын және жұқпалы ауруды білдірмейтінін атап өтті.

Желі өкілдері тәуелсіз сараптама өткізуге дайын. Ол үшін сатып алушы өнім үлгісін және фискалдық чекті ұсынуы тиіс. Материалдар аккредиттелген зертханаға жолданады.

ChatGPT не дейді? 

Мына суретті жасанды интеллектке көрсетіп, ойын сұрап көрдік.)

Көпшіліктің сенімді серігіне айналған ChatGPT-дің жауабы:

Суреттегі еттің ішінде көрініп тұрған сарғыш, домалақ түйіршіктер — қалыпты құрылым емес.

Бұл бірнеше нәрсенің белгісі болуы мүмкін:

  • паразиттік киста (финна, цистицерк және т.б.)
  • іріңді түзіліс
  • лимфа түйіндерінің патологиялық өзгерісі
  • қабынудан немесе жарақаттан кейінгі тіндік реакция

Нақты не екенін зертханалық тексерусіз айту мүмкін емес. Бірақ бір нәрсе анық:

👉 Мұндай етті жеуге болмайды. Тіпті жақсылап пісірсеңіз де тәуекел бар.

Себебі:

  • Егер бұл паразиттік киста болса, толық термиялық өңдеу де әрдайым қауіпсіздікке кепіл емес.
  • Егер бұл іріңді ошақ болса — ол бүкіл тіннің зақымданғанын білдіруі мүмкін.
  • Мұндай өзгеріс сау мал етінде болмайды.

Не істеу керек?

Жемеңіз.

  • Егер дүкеннен алынған болса — чекпен бірге қайтарыңыз.
  • Мүмкін болса, санитарлық-ветеринарлық қызметке хабарлаңыз.
  • Сыртқы түрі күмәнді кез келген ет — денсаулыққа қауіп. Асқазан-ішек инфекциясы, паразиттік аурулар қаупі бар.

Қысқасы: тәуекелге тұрмайды. Тастау дұрыс шешім.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→