Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Күзде ет бағасы тағы қымбаттауы мүмкін – вице-министр

2025 жылдың 15 мамырында Үкімет үш айға бұқашық экспортына тыйым салған еді. Себеп – сиыр етінің қымбаттауы. Алайда бұл шара айтарлықтай нәтиже бермей, қазір бөлшек саудада бір келі сиыр еті шамамен 5 мың теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты 7 тамызда тыйым 2025 жылдың 30 қазанына дейін ұзартылды.

Күзде ет бағасы тағы қымбаттауы мүмкін – вице-министр
Фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбековтың сөзінше, ет бағасын тұрақтандыру үшін тірі мал экспортына біржола, мерзімсіз тыйым салу қажет.

— Қазір еттің бағасы 5–5,5 мың теңге. Жаз мезгілі екенін ескеру керек, ыстықта етті сақтау қиын. Ал күзде баға бұдан да көтерілуі ықтимал, — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бағаның өсуіне көршілес Өзбекстаннан сұраныстың артуы ғана емес, жемшөптің негізсіз қымбаттауы да әсер етіп отыр. Мәселен, биыл бір тонна шөп 48–50 мың теңге, ал өзіндік құны бар болғаны 10–12 мың теңге. Бұл жағдай ауыл тұрғындарын мал басын азайтып, союға мәжбүрлеуде, ал бұл болашақта бағаны одан әрі өсіреді.

— Ет қымбаттаса, барлық азық-түлік бағасы өседі. Сондықтан ет бағасының артуынан кейін көкөніс, жеміс-жидек, ал кейін жалпы азық-түлік қымбаттауын күтеміз, — деп болжады Төлеутай Рахымбеков.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату