Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда ақбөкен еті сатылымға шықты: Сапасына кім және қалай бақылау жасайды

Қазақстанда сайғақтарды ату тәртібі қалай реттеледі және ет өнімдерінің сапасына бақылау қалай жүргізілетіні туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтып берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда ақбөкен еті сатылымға шықты: Сапасына кім және қалай бақылау жасайды

«Бүгінде реттеу процесі аясында біз сайғақтардың етін санитарлық, ветеринарлық мамандар, СЭС қызметкерлері жұмыс істейтін ет комбинаттарына тапсырамыз. Барлық процедура сақталады: алдымен жануарлардың мекендейтін жерлері зерттеледі, эпизоотиялық жағдай қарастырылады, содан кейін ғана ату жүргізіледі. Кейін ет комбинатында түрлі ауруларға қатысты барлық талдаулар жасалып, қан сынамалары алынады. Тек осыдан кейін ғана ет сөрелерге шығады. Сондықтан еттің сапасына күмән болмауы тиіс», – деді министр бейсенбі күні Үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Министр сондай-ақ еттің ет комбинатынан түскенін немесе браконьерлерден келгенін қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

«Білесіздер, тауарды өткізу жүйесі бар, әрбір ет комбинаты осы процедураны қатаң сақтайды. Бекітілмеген сауда орындарында мұндай еттің сатылуы мүмкін емес. Бүгінде ет өнімдері сатылатын барлық сауда орындарында ветеринариялық қызметтер мен СЭС тарапынан тексерулер жүргізіледі. Сондықтан заңсыз еттің дүкендерге түсуі мүмкін емес. Әрине, егер ол жол бойында, рұқсат етілмеген жерде сатылып жатса, ол басқа мәселе… Бірақ ресми орындарда мұндай жағдайға жол берілмейді. Бұған қатаң бақылау бар», – деп атап өтті министр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату