weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті,- newsroom.kz

Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам

Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді.
Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы және әр азаматтың жауапкершілігі жайында сөз қозғады.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин елдің тұтастығын нығайтуға негізделген Конституциялық реформаның жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

- Жаңа Конституция жобасында адам капиталына басымдық берілген. Мұнда әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар бекітілген. Әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі Ата Заңды кұрметтеуден басталады. Яғни құқықтық мәдениетті арттыру арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ғылым мен білімді дамыту еліміздің инновациялық әлеуетін арттырып қана қоймай, инвестицияны ұлғайтуға сеп болары сөзсіз. Сондай-ақ Ата Заң жобасында тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтар, әрбір азаматтың өмір сүру құқын қамтамасыз ету, білім мен ғылым, талантты жастарды қолдау сияқты дүниелерге баса назар аударылған. Бұған дейін де ғылымға, мәдениетке ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет тарапынан қолдау да көп. Бірақ қоғам ішінде бұдан да басқа өзекті мәселелер баршылық. Барлығы осы адами капиталға келіп тіреледі.
Сондықтан осы аталған құндылықтарға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, барлық салада кісілік, еңбек бағаланатын болса, адамдардың өзіне және қоғамына деген сенімі нығая түспек, - деді ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→