Қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға Шымбұлақ маңындағы арнайы жабдықталмаған аумақта болған. Ер адам қар астында шамамен он минуттай жатқан.
Төтенше жағдай туралы хабар 12:48-де түскен. Араға он минут салып құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен адамды қар астынан шығарып алды.
Оқиға орнында дәрігерлер тексеру жүргізді. Айтарлықтай ауыр жарақат анықталмаған, ауруханаға жатқызу қажет болмады.