weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:33 / Шұғыла Амангелді / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Алматыда шамамен 90 мың азаматтан 25 млрд теңге жинаған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты. Сот басты ұйымдастырушы Тұғанбаев Н.М.-ға 8 жыл, тағы үш ұйымдастырушыға 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Newsroom.kz  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды
Фото: Ашық деректер көзі

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында пирамиданың қатысушылары азаматтарға ай сайын 30%-ға дейін табыс алуға уәде бергені анықталған.

Салымшыларды тарту үшін компания құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт ретінде таныстырылған. Алайда тергеу мәліметіне сәйкес, өнімдер сырттан сатып алынып, «Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтардың компанияға деген сенімі төмендей бастаған кезде ұйымдастырушылар автодүкендер ашылып, дилерлермен серіктестік орнатылғаны туралы ақпарат таратқан. Алайда тергеу мәліметінше, көліктер салымшылардың қаражатына сатып алынып, туыстарының атына рәсімделген.

Сот үкімімен үш өңірлік басшыға 5 жылдан шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, тәркіленген жалпы құны 5,6 млрд теңге болатын активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Қалған мүлік мемлекет кірісіне өтеді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер