Тергеу барысында Ауғанстан азаматы ұлты қазақ екені туралы жалған құжаттар мен көрінеу жалған мәлімет ұсынғаны анықталды. Соның негізінде ол көші-қон бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдерді заңсыз иеленген. Алынған қаражатқа құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алған.
Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға жол бермеу үшін сот прокуратураның өтініші негізінде мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды. Алайда сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.