Өрт кезінде пәтердегі үй заттары мен жиһаз жанған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды құтқарса, тағы екі тұрғын эвакуацияланды.
Құтқарушылар өртті сөндіру барысында пәтерден газ баллонын алып шыққан. Бұл оның ықтимал қауіпін болдырмауға мүмкіндік берген.
Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты себептері анықталып жатыр.
Көкшетауда азаматтық қорғау қызметінің жедел-құтқару бөлімшелері төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын тұрақты түрде атқарады.