weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Анасынан көрген азап: Таразда әйел баласын ұрып, бәрін видеоға түсірген

Тараз қаласында кәмелетке толмаған баланы қорлау фактісі қоғамды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел адамның өз ұлын ұрып-соғып, көзіне фонарикпен жарық түсіріп, тіпті үлкен қызын да қорлауға мәжбүрлегені көрінеді.

Анасынан көрген азап: Таразда әйел баласын ұрып, бәрін видеоға түсірген
Фото: press.kz

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйелге ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі — «Ата-ананың кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамауы»бойынша айып тағылған.

Бала дәрігерлердің тексеруінен өтті, сот-медициналық сараптама тағайындалды, ал күдікті әйел тергеу амалдары үшін полицияға жеткізілген.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың отбасынан дереу алынып, Балалар үйіне орналастырылғанын хабарлады. Оларға медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайлары тұрақты.

Балалар омбудсмені Динара Закиева бұл отбасыға қатысты дабыл өткен аптада-ақ түскенін және тиісті органдарға жолданғанын атап өтті. Ал әйелдің ата-ана құқығынан айырылу мәселесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→