Ол өз сөзінде «Құқықтық актілер туралы» заңның 26-бабына сілтеме жасап, егер нормативтік құжаттың жартысынан көбі өзгерсе, ол жаңа редакцияда қабылдануы тиіс екенін атап өтті.
Еске салайық, ұсынылып отырған өзгерістер Конституция мәтінінің 84 пайызына әсер еткен.
«Бұл 1995 жылғы Конституцияны заманға бейімдеу ғана емес. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесінің бүкіл архитектурасын түбегейлі қайта құру», – деді вице-спикер.