weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Конституцияның 84 пайызы жаңарады: 77 бапқа түзету енгізіледі

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Бұл туралы Конституциялық соттың Telegram-арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz хабарлады.

Конституцияның 84 пайызы жаңарады:  77 бапқа түзету енгізіледі

Жиынтық жоба азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде әзірленген.

Нұрмұхановтың айтуынша, жаңартылған Конституция жобасы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Құжатта «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертілген.

Жалпы алғанда, Ата заңның барлық бөлігін қамтитын 77 бапқа түзету енгізіледі, бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды.

Жоба заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында пысықталып жатыр. Мамандар нормалардың дәл жазылуына, мағыналық қайшылықтар мен түсініксіз тұстардың болмауына ерекше мән берген.

Түзетулер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуді көздейді. Президенттік басқару формасы сақтала отырып, мемлекеттік билік құрылымы едәуір өзгереді. Атап айтқанда, бір палаталы парламент моделі, азаматтардың басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және Конституциялық соттың рөлін күшейту ұсынылып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→