Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз қарумен жұмыс істеу кезінде өлімге әкелген жарақат алған. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы құрылып, істің барысын Бас прокурор жеке бақылауына алды.
Мән-жайды толық анықтау үшін Жамбыл облысына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілді.
Сонымен қатар, топқа елдегі өзге де әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру тапсырылды. Жақын күндері мерзімді қызметтегі сарбаздардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесі Бас прокуратураның арнайы алқасында қаралады.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ғана Өскемен маңындағы әскери бөлімде де қарауыл кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқан еді. Ол кезде де әскери қызметші өз қаруынан оқ атқаны хабарланған.