weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сабақ арасында өзін жайсыз сезінген: Қаскелеңде оқушы көз жұмды

Қайғылы оқиға 21 қаңтар күні таңертең Қаскелең қаласындағы Сәтпаев атындағы орта мектепте болды. Бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сынып оқушысының жағдайы кенеттен нашарлап, оны аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды newsroom.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Сабақ арасында өзін жайсыз сезінген: Қаскелеңде оқушы көз жұмды
Фото: pexels.com

Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері реанимациялық және қажетті медициналық шараларды жүргізгенімен, жасөспірім сол жерде қайтыс болған.

Қарасай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, дәрігерлер келген сәтте мектепте жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ психологиялық қолдау мамандары болған.

Аталған дерек бойынша тексеру және тергеу шаралары басталды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қайтыс болған оқушы 15 жаста болған.

«Бұл – отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін ауыр қаза», – деп хабарлады Қарасай аудандық білім бөлімі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→