Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция тексеру жүргізіп, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Оқиғаның нақты себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ.
Үйдің маңындағы дүкен сатушысының айтуынша, ол қатты дыбысты естіген. Осыдан кейін дүкенге келген адамдар не болғанын сұрай бастаған. Ал қарсы үйдің тұрғыны қатты тарсыл мен әйелдің айғайынан оянғанын айтқан. Бастапқыда ол аулада жол-көлік оқиғасы болды деп ойлаған.
Тағы бір куәгердің айтуынша, оқиғадан кейін баланың анасы қатты күйзеліс жағдайында болған. Ол жедел жәрдем шақыруды сұраған. Кейін баламен бірге жақын маңдағы емханаға кеткен. Артынша оқиға орнына полиция мен медицина қызметкерлері келген.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде қарсы үйдегі баланың түсірген видеосы тараған. Кадрларда қайғылы оқиғаға дейін терезе маңында қыздың тұрғаны байқалады.Бұл бейнежазба құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.