weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан чемпионы зауытта ток соғып көз жұмды

Шымкентте грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы болған 28 жастағы Әділ Тілектес өндіріс орнында қаза тапты. Бұл туралы Newsroom.kz Stan.kzке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан чемпионы зауытта ток соғып көз жұмды
Фото: 24 kz

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте қаладағы кәсіпорындардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы жұмыс кезінде электр тогына түсіп, алған жарақатынан көз жұмған. Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. 

Спортшы зауытта жұмыс істеген

Әділ Тілектес керамикалық плитка өндіретін зауытта еңбек еткен. Марқұмның жақындарының айтуынша, ол отбасын асырау үшін спортпен қатар өндірісте жұмыс істеген. Оқиға кезінде спортшы биіктікте жұмыс істеген және электр тогына түскеннен кейін төменге құлаған. 

Әділ Тілектес есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан намысын қорғаған. Ол грек-рим және еркін күреспен айналысып, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлдеге ие болған. 2018 жылы 55 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атанса, 2019 жылы 60 келіге дейінгі салмақта ел біріншілігінде жеңімпаз болған. 

Қайғылы оқиға тергеліп жатыр

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды. 

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→