weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілді

Алматы қаласында түнгі уақытта қар тазалау жұмыстарының барысын тексеру мақсатында аудан аумақтары араланды. 

Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілді

Магистральды көшелер, аула ішілік аймақтар және қоғамдық көлік бағыттары назарға алынды.

Аулалардағы арнайы техниканың жұмысы, әлеуметтік нысандарға кіреберістерді тазалау және қар массасын шығару мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мердігер ұйымдар мен аудан әкімдіктеріне түнгі ауысымдардың жұмысын күшейту, арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жедел әрекет ету тапсырылды.

Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Қардың салдары толық жойылғанға дейін тазалау жұмыстары жалғасын табады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→