weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Алаяқтар мен педофилдер көп»: депутаттар Roblox ойынын тексеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Унзила Шапак Қазақстанда кеңінен таралған Roblox ойын платформасына қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл платформада жүздеген мың қазақстандық бала мен жасөспірім бар.

«Алаяқтар мен педофилдер көп»: депутаттар Roblox ойынын тексеруді ұсынды

Депутаттың сөзінше, парламентке Roblox-тың балалардың психикалық дамуына кері әсері болуы мүмкін екені туралы көптеген шағым түсуде. Атап айтқанда, ойынға тәуелділік қалыптастырып, агрессияны арттырып, баланың шынайы өмірге қызығушылығын төмендетеді деген уәж айтылған.

«Roblox сияқты ашық онлайн-платформаларда алаяқтар мен педофилдер көп. Олар алдымен ойын ішіндегі чат арқылы баланың сеніміне кіреді, кейін Telegram-ға көшіріп, құпия кездесулерге шақырады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін», – деді депутат.

Roblox өз кезегінде платформаның қауіпсіз екенін мәлімдейді. Алайда депутаттар миллиондаған қолданушысы бар жүйені толық бақылау мүмкін емес екенін алға тартады. Унзила Шапак кейбір елдерде Roblox-қа қатысты шектеу шаралары енгізілгенін еске салды. Мәселен, Ресейде платформаға тыйым салынған.

Сонымен қатар, мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов бұған дейін Қазақстанда Roblox-ты бұғаттау немесе шектеу мәселесі қарастырылмайтынын айтқан.

Дегенмен депутат бұл тақырыптың балалар қауіпсіздігі мен ата-аналардың сеніміне тікелей қатысы бар екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан ашық әрі нақты ұстаным қажет екенін мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→